420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл тұрғындары қаңғыбас ит-мысыққа пана болатын нысан құрылысына қарсы

  • 148
  • UPD: 18:40, 25.08.2020

Орал маңындағы Меловые Горки ауылының тұрғындары қаңғыбас ит-мысыққа пана болатын нысан құрылысына қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекен хал құрылысқа жауапты азаматтан рұқсат қағаздарын талап еткен. Десе де, одан әзірге жауап жоқ. Жергілікті әкімдік өкілдері де үнсіз. Жаңа нысанның бой көтеруіне қарсы тұрғындар ауылдың тазалығына алаңдаулы.

Айсұлу Айтқалиева, Меловые Горки ауылының тұрғыны:

- Ауылдың ортасында ертең ит, мысықтар келеді ылғи. Мына жерде балалар жүреді, мінекей балалар алаңы қасында, мына жерде дүкен. Мына үйдің қасында мына балалар қайда ойнайды? Ана жерде мектеп тұр, осындай жерде сондай затты салуға болады ма? Ешкімнен сұраған жоқ, халық ештеңе білмейміз біз, тек кеше айтқанда білдік.

Есламгерей Күнтеев, Меловые Горки ауылының тұрғыны:

- Мынандай жағдайда, ауылдың арасында. Мына жерде дүкен тұр, мына жерде ауыл тұр, мына жерде мектеп тұр, бізге қалай болады? Мен соны түсінбей тұрмын.

Біздің тілшілер бұл мәселені назарда ұстайды

Хабар 24 телеарнасы