424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр

  • 254
  • UPD: 19:45, 25.08.2020
Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр

Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайғанмен, кеселден қайтыс болып жатқандар әлі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыздың 17-і мен 23-і аралығында елде 108 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың дені Алматыда. Бұл қалада соңғы бір аптада COVID 32 адамның өмірін қиды. Шығыс Қазақстанда 17, елордада 16 азамат бақилық болды. Қалған өңірлерде де өлім жағдайы тіркеліп отыр. Өкінішке қарай, осылайша, індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 1523-ке жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша инфекциялық стационарларда 5 мыңдай адам ем алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы