420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттіктер санитарлық талаптарды сақтамайды

  • 159
  • UPD: 20:02, 25.08.2020
Шымкенттіктер санитарлық талаптарды сақтамайды

Шымкентте базарға келген жұрт бетперде кие бермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек тексерушілерді көргенде ғана қалтасына қол сала бастайды. Ал жауапты мамандар сауда орнына келген жұрттың бәрін бірдей қадағалай алмайды. Тек сатушылар ғана күн ыстық болса да, тәртіпке бағынып, бетперде киеді. Алайда, қолғаппен жұмыс істеу қолайсыздық тудыратындығын айтады. Қоғамдық бақылау тобы осы орайда заңбұзушылықтарға қатысты ескерту жасап, карантиннің талаптарын түсіндірді.

Данара Саранова, қалалық қоғамдық бақылау тобының жетекшісі:

- Тұрғындардың өздері өкінішке орай, осы санитарлық талаптарды орындамай жүр. Кірерде масканы киеді де, кейін масканы шешіп тастап жатыр. Соған енді көңіл аудару керек деп ойлаймын. Шымкенттің әрбір тұрғыны жауапты болуы керек. Өзінің өміріне, басқалардың өміріне. Карантин шараларын дұрыс қолдану керек.

Хабар 24 телеарнасы