426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық бақылау өкілдері Қарағандыдағы медициналық мекемелерді тексерді

  • 173
  • UPD: 20:23, 25.08.2020
Қоғамдық бақылау өкілдері Қарағандыдағы медициналық мекемелерді тексерді

Елде коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі  болмауы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан медициналық препараттардың қорын қазірден жасақтау керек. Бұл мәселелер қоғамдық бақылау тобының жіті назарында болады. Республикалық қоғамдық бақылау өкілдері Қарағандыға келіп, гуманитарлық көмектің таратылуы мен қоймадағы заттардың сақталуы барысын тексерді. Бұдан бөлек, дәрігерлерге қандай жағдай жасалғанын, оларға қажетті сақтық құралдары қаншалықты жеткілікті екенін де тексереді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған ұйымның бұл жұмысқа толық құқы бар. Жұмыс тобы жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты. Қазір облыс бойынша 99 бригада жұмыс істейді. Індет асқынған шақта бір тәулікте шамамен 3,5 мыңнан аса шақырту болған. Қазір қайта қалыпқа келіп, 1300-ге дейін азайыпты.

Саида Тәукелева, қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі:

- Біздің бақылау бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Алғашқысы дәрілік заттардың жетсіспеушілігіне қатысты. Пандемия кезінде тұрғындар тарапынан осы бағытқа шағым өте көп болды. Сондықтан қоймаларда дәрінің қорын тексереміз. Дәрігерлер мен фельдшерлерге қаншалықты жағдай жасалған? Ол да біздің назарда. Дәріханаларға да бақылау жүргіземіз. Қазір ел бойынша біздің 430-ға жуық өкіліміз бар. Бұдан бөлек, кез келген адам біздің қатарымызға қосылып, қоғамдық бақылау жүргізе алады.

Хабар 24 телеарнасы