429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнайлыда провизорлық орталық жабылды

  • 197
  • UPD: 20:36, 25.08.2020
Мұнайлыда провизорлық орталық жабылды

Стационар екі ай бойы қауіпті індетке шалдыққандарға қызмет көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін науқастар азайып, госпиталь қабылдау жүргізуді тоқтатты. Кеше соңғы науқас амбулаторлық емге жіберілді. Жаңаөзен қаласында да коронавируспен ауырған соңғы науқас ауруханадан шықты. Стационарда наурыз айынан бері 200-ден астам адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Қазір қалалық ауруханада 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр.

Жаңабай Оңайбаев, қалалық аурухана бас дәрігерінің м.а:

- Халық бірауыздан қолдап, біз осы коронавирус инфекциясынан жаманды, жақсылы абыроймен шықтық. Көп рахметімізді айтамыз. Істеген волонтерлерге, оттегіні тасыған жас жігіттерге, инфекционист-дәрігер есебінде барша Жаңаөзен көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне, орта буын қызметкерлерге, емхананың дәрігерлеріне, басшыларына, кіші медбикелерге, бүкіл халыққа рахметімізді айтамыз.

Қазір Жаңаөзенде провизорлық стационарлардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. «Мұнайшы» клиникасында жаңа стационар ашылмақ. Онда компьютерлік томография мен рентген аппараттары сатып алынады. Бұл мақсатқа демеушілер есебінен 1 млрд 246 млн теңге қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы