420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қояндыда су, жол, электр энергиясы мәселелері шешімін таппай келеді

  • 147
  • UPD: 23:13, 25.08.2020

Елордадан ат шаптырым жердегі Қоянды ауылдық округінде қордаланған проблема көп.

«Хабар 24» арнасының тілшілері бұл туралы аз сөз қозғаған жоқ. Дегенмен, баяғы жартас сол жартас. Түйінді мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді.

Гүлзия Нақыпқызы тілші:

- Талапкерде жоқ-жоқ

Қояндыда жоқ-жоқ

Жөнді жол іздегендер

Бұл маңда әлі көп

- Ия, бұл сезім тақырыбына арналған өлең жолдары, дегенмен, Қояндының бүгінгі келбетін суреттеуге келіп тұрған сөздер. Қырық мыңға жуық халқы бар елді мекеннің неге әлі күнге су, жол, электр эенргиясы секілді мәселесі шешімін таппай келеді. Елордаға жақын орналасқан мекеннің өркениет игілігінен ада болуына кім кедергі, не себеп? Зерттеп көрдік.

Көпшіліктің көңілі күпті. Елді қажытқаны – ойқы-шойқы жол, ауызсу, жарық мәселесі. Елорданың дәл іргесіндегі бұл ауылға қоныстанушылар жылдан жылға көбейіп келеді. Ал мәселе әлі күнге шешімін таппаған.

Блиц 1:

- Қояндыда жол мәселесі өздеріңіз көріп тұрғандай. Жол жоқ. Керек жерге адамдар, көліктер көп жүретін жерге жол салмай ма? Керек емес жерге салған.

Блиц 2:

- Осындай жағдай. Әрқашан осы. Жөнді көлік алғымыз келеді. Бірақ мүмкін емес Қояндының ішінде жүру.

Блиц 3:

- 5 жылдан бері Қояндыда тұрамыз. Бірінші мәселе жарық, су, жол. Осыларды шешіп берсе дейміз. Бізде жол қиын. Әсіресе, балаларды мектепке алып бару қиын.

Ауыл әкімі қол қусырып отырмағанын айтады. Қолдан келгенді жасап жатыр. Бірақ бар мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Қояндыдағы адам саны көбейген сайын инфрақұрылымды да кеңейту, дамтыту қажет. Ақыр аяғы бәрі қаржыға келіп тіреледі. Бас жоспарға сай ауыл көшелерінің ұзындығы – 154 шақырым. 2013 жылы оның 3 шақырымына асфальт төселді. Ал 2019 жылы 7 шақырымы жасалды. Қазір жолға қатысты екі жоба дайын. Бірі 18, екіншісі 13 шақырымға есептелген. Бірақ бұл екеуіне де қаржы бөлінбеген.

Айбек Есеев, Қоянды ауылдық округінің әкімі:

- 18 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарына өкінішке орай биыл қаржыландыруболған жоқ. Нақты мектепке келетін жол күрделі жөндеу жұмысының жоспарына қосылған. Әлеуметтік нысан ретінде. Бірақ өкінішке орай, биыл қаржыландыру жоқ.

Ауыл әкімінің айтуынша, Қояндыда 20 мыңнан аса адам тұрақты тіркеуде болғанмен, шынтуайтында 40 мыңға жуық тұрғын бар. Ал бөлінетін қаржы халықтың санына да байланысты. Бұл да бір мәселе. Мұның сыртында таза ауыз су қоры жоқ.

Айбек Есеев, Қоянды ауылдық округінің әкімі:

- Бізде қазір ауыз сумен ауылдың 40%-і ғана қамтылған. Ал қалған 60%-ін қамтамасыз ету үшін таза ауыз судың қоры табылмай жатыр осы маңайда. Қазіргі ауыз су Софиевка маңынан келіп жатыр. Бірақ өкінішке орай, қалған 60%-ті оған қоссақ, ол судың қоры жеткіліксіз.

Елордадан таяқ тастам жерде тұрған ауылдың тұрғындары сәл жауын жауса, батпақ кешіп жүреді. Жөні түзу жол болмаған соң мұндай кезде ауыл ішінде көліктің де қатынауы қиын. Ең сорақысы, кейінгі кезде елді мекенді қоқыс басып барады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Асхат Қарақойшиев, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы