420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда рульдері ауыстырылған 12 армениялық көлік тіркеуден өтті

  • 180
  • UPD: 23:17, 25.08.2020

Қостанайда соңғы бес күнде рульдері оң жақтан сол жаққа ауыстырылған 12 автокөлік тіркеуден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы Армениядан әкелінген. Бұл көліктердің қауіпсіздігі алдымен Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында тексеріледі. Соның нәтижесі бойынша қауіпсіздік хаттамасы беріліп, уақытша мемлекеттік есепке алынады. Қазіргі кезде облыста рулі оң жақты 300-ден астам автокөлік бар. Соның әзірге жартысының ғана басқару механизмі қайта жабдықталған. Техникалық жағдайы талапқа сай ондай көліктерді тіркеу барынша жеңілдетілген. Әрі кетсе, бір сағаттың ішінде атқарылады. Сараптау және сертификаттау орталығы да демалыссыз жұмыс істейді. Төлемақысы да аса қымбат емес, 20 мың тенге шамасында. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде рулі оң жақтағы армениялық көліктерді тіркеу мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Андрей Григоревский, облыстық пд басқарма басшысы:

- Ішкі істер министрлігі оң рульді көлік құралдарын тіркеуді белгілі бір мерзімге ұзартуды ұсынып отыр. Алайда, бұл Армениядан әкелінген рулі сол жақтағы көліктерге қатысты емес. Оларды есепке алу 31 тамызда аяқталады. Оң рулді көліктерді қайта жабдықтауға барынша көмек көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы