426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қисайған үйлер қалпына келтірілуде

  • 166
  • UPD: 23:44, 25.08.2020
Алматыда қисайған үйлер қалпына келтірілуде

Алматы қаласындағы бұрынғы Алғабас, қазіргі Зерделі 6-ықшамауданындағы үйлердің неліктен қисайғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең басты себеп – құрылыс талаптарының сақталмауы. Арық жүйесі мен аумақты жоспарлау дұрыс жасалмаған. Сөйтіп қар, жаңбыр, кәріз сулары үйдің астына сіңген. Ал, іргетастың жанына құрылыстан қалған қоқыс төгілген. Іргетастың астындағы топырақ та жұқа төселген. Былтыр осындағы №179 үй қисайып, тұрғындарды әбігерге салған еді. «Ол ғимарат қазір толық жөнделді», - дейді мамандар. Сол кезде қалған 24 үйдің барлығын тексеру туралы шешім қабылданған. Қазір екі үйдің іргетасы күшейтіп, бекітілген. Тағы бес үйдің зерттеу қорытындысы дайын.

Сапар Нұрашев, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы:

- Қалған 17 үй бойынша КазНИИСА АҚ мен басқарма арасында келісілген кесте бар. Соған байланысты жылдың аяғына дейін толықтай қалған 17-і зерттеліп, қорытындылары беріледі. Сол қорытындылар берілгенге байланысты керекті іс-шаралар атқарылып, осы 2020-2021 жылдар аралығында толықтай үйлердің негіздері мен тіректастарын бекіту, күшейту жұмыстары толықтай атқарылады. Үйлердің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы