420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық танкішілер Халықаралық армия ойындарында екінші орын алды

  • 159
  • UPD: 00:03, 26.08.2020
Қазақстандық танкішілер Халықаралық армия ойындарында екінші орын алды

Қазақстандық танкішілер Ресейдің Мәскеу облысында өтіп жатқан Халықаралық армия ойындарында үздіктердің қатарынан көрінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекелей сында отандастарымыз мәре сызығын екінші болып кесті. Жарыс жолына Т-72Б3 танкісімен шыққан қазақстандық экипаж Қырғызстан және Өзбекстанның әскерилерін артта қалдырды. Бірінші орын солтүстіктегі көршілерімізге бұйырды. Алда жарыстың тағы екі күні бар. Қазақстандық өзге де танк экипаждары жартылай финал жолдамасына таласып, ел намысын қорғайды. Армия ойындарына төрт елдің мерген, сүңгуір, ұшқыш, десантшылары мен теңіз және атты әскерлері қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы