424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

  • 235
  • UPD: 00:55, 26.08.2020
Дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

Алматыда қараңғы түнде арықтан бала табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерінің айтуынша, жаңа туған нәрестені жол-жөнекей өтіп бара жатқан адам байқап қалған. Ол дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Бала бірден шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы орташа ауыр. Дегенмен, тұрақты. Полицейлер болса, сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Тоқтар Құрметбек, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің м.а:

- Кіндігі дұрыс кесілмеген. Қабылдау бөлімінде барлық дәрігерлермен бала қаралды. Қараған кезде баланың дене қызуы 34 градусқа дейін түсіп кеткен екен. Бірден жансақтау бөліміне бала көтерілді. Сол жерде керекті емнің бәрін алды. Қазіргі таңда баланың жағдайы бірқалыпты. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Енді бұндай жағдайларда баланың жағдайы толығымен қалпына келгеннен кейін сәбилер үйіне өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы