420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дұрыс төселмеген асфальт кесірінен көліктерге күнде зиян келеді

  • 142
  • UPD: 11:10, 26.08.2020

Петропавлда жаңадан салынған асфальтта кәріз қақпақтарының орыны терең шұңқыр болып қалған. Нәтижесінде  жүргізушілер көліктерін зақымдап, сол тұста тізгін тартып, айналып өтуге мәжбүр.

Алтынсарин көшесіне асфальт салынғанда жүргізушілердің қуанышында шек болмады. Алайда жаңадан салынған тас жолдағы құдық қақпақтарының орыны шұңқырға айналған. Жеңіл көліктердің асты тиеді.

Блиц:

- Ночью я даже пару раз попадал в ямку. Это вообще прямо. Не знал кого отблагодорить за это.

- Ну, должно наверно в уровень быть с асфальтом. Или маленько выпирать.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Мына бір 50 метрлік жерде 11 шұңқыр бар. Олардың бәрі кәріз құдықтарының құқпақтары. Тереңдігі міне 10-15 сантиметрдей болып қалады.

Тас жолдың зардабын тұрғындарда тартып отыр. Жаңбыр жауса жиектегі жер үйлердің ауласы суға толады. Суағарлар салынбаған. Бұл туралы әкімдік қызметкерлері былай дейді.

Дулат Шәріпов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерішісі:

- Жаңбырға байланысты жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жол жөндеу кезінде құдықтардың қақпағын көтеру қарастырылмаған. Өйткені оны басқа мердігер ұйым жасайды. Сонымен қатар ол көшеде суағарлар мен жаяу жүргіншілер жолағы салынады.

Бір қызығы, Алтынсарин көшесінде қалалық әкімдік те орналасқан. Бұл жерде кәріз қақпақтары кірпішпен жабылған.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы