424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда емдеу мекемелері провизорлық орталық ретінде қызмет атқаруды тоқтатты

  • 223
  • UPD: 10:57, 26.08.2020
Талдықорғанда емдеу мекемелері провизорлық орталық ретінде қызмет атқаруды тоқтатты

Алматы облысындағы 9 емдеу мекемесі провизорлық орталық ретіндегі қызметін тоқтатты. Қазір ауруханалар қалыпты жағдайда науқастарға қызмет көрсетуге кірісті.

Егер күзде індеттің  екінші толқыны жүріп, сырқаттанғандар саны артатын болса, аталған нысандар қайтадан провизорлық орталық болып жасақталады. Одан бөлек облыс орталығында модульді инфекциялық аурухана салынып жатыр. Қазан айында пайдалануға берілетін мекемеде 200 адамға дейін емделетін болады. Сала жетекшісі өңірде екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар екенін мәлімдеді. Алдағы уақытта тағы да емдік препараттармен медициналық құрылғылар сатып алынбақ. 

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 50 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алуға жұмыс істеп жатырмыз. Протововирусный және жаропанижающий сатып алып жатырмыз. Қазіргі таңда 300 ИВЛ апараты бар. 700-ден артық оттегі концентратлоры бар. ИВЛ-дың өзін 500-ден асырамыз. Министерство здровохранения 119 апарат алып келеді. 100 аппаратты өзіміз сатып аламыз. Және гуманитарный помощпен бізге түсіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы