428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

  • 197
  • UPD: 11:50, 26.08.2020
Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпаратына сәйкес, осы жылдың 25 тамызында сағат шамамен 13-30-да 30 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан «HOWO» маркалы автокөлік Қырқыншы станса жақтан Павловка елді мекеніне қарай келе жатып, екі айналма жолдың қиылысында Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолы жақтан Алаш тас жолына қарай келе жатқан «Камаз» көлігімен соқтығысқан.

«Соққының салдарынан «Камаз» қарама-қарсы бағытта келе жатқан «VOLVO» маркалы көлігіне барып соғылған. Ол көлікті 63 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. «HOWO» автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді департаменттен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы