426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аграрлық салада едәуір өзгерістер болуы мүмкін

  • 195
  • UPD: 13:23, 26.08.2020
Аграрлық салада едәуір өзгерістер болуы мүмкін

Аграрлық салада айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Бүгін бұл туралы «Ауыл» партиясы депутаттары мен фермерлер қауымдастығының өкілдері айтты.

Тараптар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға күш салу керектігін атап өтті. Сондай-ақ саланы қажетті техникамен, қаржымен қамтамасыз етуге уағдаласты.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, әлемді жайлаған індет аграрлық сектордың маңыздылығын айқындап берді. Сондықтан да саланы дамыту үшін мемлекеттік органдар ғана емес, саяси және қоғамдық ұйымдар да бірігіп, ортақ бағытта әрекет етулері керек. 

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы: 

- Бүгін екі жақты меморандумға қол қойылады. Фермерлер қауымдастығынан бізге бұрын өтініш түскен. Бүгін сәті келіп тұр. Және ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалар да бүгін талқыланады.

Хабар 24 телеарнасы