426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында құрылыс қарқынды жүріп жатыр

  • 143
  • UPD: 13:33, 26.08.2020
Маңғыстау облысында құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Жыл соңына дейін мыңнан астам маңғыстаулық отбасы баспаналы болмақ. Биыл карантиндік шараларға қарамастан өңірдегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңа жыл қарсаңында 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалға берілетін пәтерлердің құрылысына және оны сатып алуға республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ Форт-Шевченко және Ақтау қаласында, Жетібай кенті мен Мұнайлы ауданына берілетін 419 пәтердің 215-ін көп балалы отбасылар алады. Үй кезегінде тұрған азаматтарды Жаңаөзеннен Ақтау қаласына көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы республикалық бюджет пен ірі мұнай компаниясының көмегі есебінен 400-ге жуық отбасы облыс орталығындағы жаңа пәтерлерге көшті. Бұл міндет биыл да жалғасады.

Имаммахмут Шағырбаев,  құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілетін несиелік тұрғын үйге келетін болсақ, осы жылдың соңына дейін 627 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған, бұл Аққу ықшамауданының үшінші кезегіндегі 447 пәтер. Сондай-ақ 18 шағын ауданда 180 пәтерлік 4 тұрғын үй. Бұл пәтерлер де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары арасында банктің ішкі ережелеріне сәйкес таратылады.

Хабар 24 телеарнасы