420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек жандарды сұраныс жоғары мамандықтарға баулу қолға алынады

  • 101
  • UPD: 15:30, 26.08.2020
Мүгедек жандарды сұраныс жоғары мамандықтарға баулу қолға алынады

Елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың басым бөлігі еңбекке жарамды.

Алайда мүгедек жандар білім алып, жұмысқа тұру кезінде көптеген кедергіге тап болады. Осы орайда Қазақстанда «LIDER Z» жобасы бастау алды. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар онлайн форматта кәсіби білім алады. Бағдарламада компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары, графикалық дизайн, типография және SMM-менеджментке үйрету қарастырылған. Яғни ұйымдастырушылар қазіргі кезде сұранысы жоғары мамандықтарға басымдық беріп отыр. Курс біткеннен кейін қатысушылар тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналаса алады. 

Захира Бегалиева, «Ерекше таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры:

- Елде 424 мың мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке жарамды болып табылады. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана екі қолға бір күрек тапқан. Қоғам арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлі де немқұрайлы қарайтын жұмыс берушілер бар. Көбі олардың білікті екендігіне күмәнданады. «LIDER Z» жобасы аясында білім алуға 137 адам өтініш берген. Осы бағдарлама жоғарыда аталған мәселені шешуге сеп болады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы