420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


31 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын жалғастырады

  • 401
  • UPD: 17:45, 26.08.2020
31 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын жалғастырады

Елімізде келесі дүйсенбіден бастап карантиндік шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ведомствоаралық комиссия ұсынылған шешімдерді мақұлдады. Оның негізінде діни объектілер жұмысын қайта бастайды. Бір шарт: жеке және ұжымдық іс-шаралар өткізілмеуі керек. Сондай-ақ бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері де іске қосылады. Тек алдын ала жазылу қажет. Мәдениет ошақтары да бұрынғыдан 2 есе аз адамды қабылдай алады. Санитарлық талаптарды орындай отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат. Сонымен қатар қала маңындағы жолаушылар пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

Жұмысын жалғастыратын мекемелердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысыңыз.

Хабар 24 телеарнасы