429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернет жоқ ауыл оқушылары мектепке барып оқиды

  • 250
  • UPD: 17:34, 26.08.2020
Интернет жоқ ауыл оқушылары мектепке барып оқиды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасы Виталий Ярошенко осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде интернет желісі жүргізілмеген 883 елді мекен бар. Сондықтан осы ауылдарда тұратын оқушылар амалсыз мектепке барып оқиды. Өйткені оларды қашықтан оқытуға мүмкіндік жоқ. Министрлік өркениеттен ада қалған шалғай аймақтарға ғаламтор тартуды келесі жылы бастаймыз дейді. Сөйтіп 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Сөздеріне сенсек, Қазақстанда тұратындардың 97 проценті сапалы интернетпен қамтылған. Көрсеткішті жүз процентке жеткізу үшін әлі 2-3 жыл уақыт қажет.

Виталий Ярошенко, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасы:

– Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасы бар, онда жыл соңына дейін 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта интернетпен қамтылмаған 883 ауыл қалды.

Хабар 24 телеарнасы