429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚКХП: АӘК тағайындауда тәуелсіз комиссия керек   

  • 154
  • UPD: 17:33, 26.08.2020
ҚКХП: АӘК тағайындауда тәуелсіз комиссия керек   

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайтын комиссия құрамына Үкіметтік емес ұйым мен саяси партия өкілдері кіруі тиіс.

Бұл – Қазақстан коммунистік халық партиясының ұсынысы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия белсенділерінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті шын мұқтаждар ала алмай отыр. Жағдайы төмен отбасылардың күнкөріс деңгейін анықтағанда кірісі мен қоса шығынын да есептеу керек. Бүгін Алматыда өткен онлайн қоғамдық тыңдауға қатысқан көп балалы аналар, аз қамтылған отбасы өкілдері атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда мүгедектікке байланысты берілетін жәрдемақы табыс көзі болып саналуы дұрыс емес. Бұл қаражат жарымжан жанның дәрі-дәрмегінен артылмайды дейді олар. Айта кетейік, Алматыда 27 мың көмекке мұқтаж отбасы тіркелген. Бірінші жартыжылдықта 4419 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.

Гүлдана Нүрпейісова, ҚКХП қалалық комитеті әйелдер кеңесінің төрайымы:

– Меніңше, тәуелсіз комиссия керек. Қазір, есігінің алдында бір сиыр, үш тауығы болса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмауы мүмкін. Елді мекенде тұратын, тұрақты табысы жоқ отбасы қалай күн көреді? Бір сиыр мен тауыққа да шөп, жем керек. Бұл табыс көзі болып саналмауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы