429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында мектеп ғимараты 28 мың теңгеге сатылған

  • 241
  • UPD: 19:19, 26.08.2020
Павлодар облысында мектеп ғимараты 28 мың теңгеге сатылған

28 мың теңге қай жыртыққа жамау болады?

Павлодар облысының Железинка ауданы Раздельное ауылындағы бос қалған мектеп ғимараты осындай бағаға сатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған келіспеген тұрғындар әкімдіктің табалдырыған тоздырып жүр. Ал мектепті сатып алған кәсіпкер оны бұзып жатыр. Осы мәселені біздің тілшілеріміз көтерген еді. Сөйтіп жағдайдан аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та хабардар болды. Ал Железинка ауданының әкімі Қанат Кашкировтің айтуынша, мектеп 2015 жылы жабылып, кейін аукционға қойылған. Бастапқы сомасы 286 мың теңге болыпты. Екі байқауда өтпей, тек үшіншісінде төмендетілген бағаға сатылыпты. Жеке кәсіпкер ғимаратты шағын және орта бизнесті дамыту мақсатына пайдаланамын деп алған. Ал халықпен ақылдасқан ешкім жоқ. Ауылдағы жалғыз әкімшілік ғимаратты сақтап қалам деп жан ұшырған зейнеткер-ұстаз Галина Сүлейменованы аудан әкімі қабылдамаған.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

– Мен түсінбеймін, не үшін ғимарат саудаға жіберілгенін. Неліктен халықпен ақылдаспай жүрміз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы сауда құны, ақталған құны – 28 мың теңге. Бір үлкен ғимарат 1,5-2 мың шаршы метр 28 мың теңгеге сатылды. Аудан әкімі тұрғындарды қабылдамай, өзі шешім қабылдады. Бірінші ақылдасқан жоқ. Екінші халықты, жанашыр тұрғынды қабылдамай, осындай мәселе туындап жатыр. Сол себепті халықтың наразылығын тудырды. Өкінішке орай осындай мәселелер басқа жерлерде де жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы