420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық препараттардың екі айлық нормасы сақтаулы – СҚ-Фармация

  • 164
Медициналық препараттардың екі айлық нормасы сақтаулы – СҚ-Фармация

Елордада қалалық мәслихат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері де коронавирустың кезекті толқынына дайындық барысын бақылауға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда дәрілердің дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету үшін рейд жүргізіп жатыр. СҚ-Фармация компаниясының мәлімдеуінше, қазір дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Медициналық препараттардың екі айлық нормасы сақталып тұр.

Жазира Жылқышиева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары:

– Барлық дәрі-дәрмектің уақытылы емханаларға және гуманитарлық көмектің де жетуін қадағалау керек. Мамандардың айтуынша, күз айларында тағы да өршуі мүмкін деген болжам бар. Науқас адамдардың қажетті дәрілерді таба алмай қалуы деген фактісі болмау қажет.

Хабар 24 телеарнасы