420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Алпыстан асып барамын» телехикаясы көрсетіледі

  • 147
  • UPD: 20:40, 26.08.2020

«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Алпыстан асып барамын» атты комедиялық телехикая көрермендер назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туындыда қазақы салт-дәстүрдің, қаймағы бұзылмаған ауылдың тұрмыс-тіршілігі суреттеліп, махаббат пен өкініш, мейірім мен ізгілікке құрылған жастардың өмірі баяндалады.

25 бөлімнен тұратын «Алпыстан асып барамын» телехикаясының жанры комедия болғанымен, мазмұны салмақты, мағынасы терең туынды. Қазақта ағайын-туыстың арасында ғана емес, дүйім елге аталы сөзімен сыйлы болған қариялар қашанда болған. Телехикаяда сол көпті көрген абыз ақсақалдар мен жаңа буын арасындағы сабақтастық керемет үйлесім тапқан. 

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

– Қазір ауылда шалдар көп, ақсақал жоқ. Ол проблема. Сондықтан жастарымыз кейде төбелесіп жатады. Ақсақалы бар ауылдарда ондай бұзақылық болмайды. Сондақтан осы сериал арқылы ой тастасақ деген ойымыз бар.

Режиссер Шыңғыс Әбдібек түсірген бұл телехикаяға кино әлеміне енді келіп жатқан жастармен бірге тәжірибелі актерлар да түскен. Туындыда отбасылық оқиғалар, жанұядағы жылулық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың жарасымды тұрмыс суреттеледі. 

Зәуре Көпжасарова, актриса:

– Маған қатты ұнағаны, ауыл ақсақалдарын үш би қылып қойды. Сол кісілердің шешімі арқылы ауылдың өсіп, өніп көркейіп жатқаны білінеді. Сондықтан мен ақсақалдарымызды тыңдайық, ақсақалдарымызды жоғалтпайық дегім келеді.

Авторы: Жандос Айтбайұлы

Хабар 24 телеарнасы