Бұл жоба іске асса, арнайы терапиясы бар мекемеде 18 жастан асқан мүгедектер тұра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы жастардың тәуелсіз болуы маңызды. Олардың қоғаммен тығыз байланысуын қамтамасыз етуіміз қажет. Қазір 20-ға жуық адамды ақысыз орналастыру жоспары бар. Дегенмен жобаны жүзеге асыруға қолайлы ғимарат болмй тұр.
Ақардақ Сарқұлова, жоба авторы:
– Бізде ғимарат болған жағдайда, онда бұл бағдарлама іске қосылатын еді. Бізге қазір қолдау қажет. Бизнес өкілдері не болмаса өнер иелері жәрдемдессе дейміз. Бүгінде бірнеше компанияларға өтініш жаздым. Қоғамның көмегіне мұқтаж адамдардың тағдырына алаңдасаңыз, біздің командамыздың бір бөлігі бола аласыз.