420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі фронт-кеңсе екі мыңнан астам өтінішті қарады

  • 182
Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі фронт-кеңсе екі мыңнан астам өтінішті қарады

«Shymkent INVEST» – бұл бизнес пен инвесторларға бағытталған инновациялық жоба, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда бизнестің жұмысын барынша жеңілдетуге көмек көрсететін он бес ұйым бар. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарыс кезінде кәсіпкерлікті қолдау үшін құрылған. Аз уақыт ішінде халыққа тиімділігін көрсетті. Жалпы шаһарда «Мен кәсіпкер боламын» атты әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы бойынша 427 азамат өтініш берген. Олар 1% жеңілдікпен несие ала алады.

Данара Саранова, «Shymkent Invest» фронт-кеңсесінің қызметкері:

– Әр жеке кіәсіпкерге 10 млн тегңге дейін беріледі. Оның ішінде 11 кәсіпкер 11 млн теңгеден алып, жұмыс жалғастыруда. МПК Шымкенттен жер учаскелері жеті жылға дейін жалға беріледі. Қазіргі таңда 115 адам келіп тапсырды. Оның он үші – жеке кәсіпкер.

Хабар 24 телеарнасы