426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметтері жаңа көліктермен толықты

  • 228
  • UPD: 08:46, 27.08.2020
Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметтері жаңа көліктермен толықты

Ақтөбе облысының 8 аудандық аумақтық басқармасы жаңа көлікке ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл темір тұлпарлар пандемиямен күрес үшін аса қажет. Әрі өзге де қауіпті дерттердің ошағын уақытылы тексеруге септігін тигізеді. Алдағы уақытта тағы да төрт басқарманы жаңа көлік құралдарымен қамту көзделіп отыр. Жалпылай алғанда, өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің автопаркі 90%-іне дейін тозған. Еліміздің шалғай өңірлерінде короновирус инфекциясының қайта өршуіне жол бермеу үшін жергілікті жердегі тиісті ұйымдарды қажетті автокөліктермен қамтасыз ету – Мемлекет басшысының тапсырмасы.

Гүлайым Құдайсүгірова, Шалқар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Осы уақытқа дейін біз 15 жыл бұрын алған автокөлікті мініп келдік. Әрине, оның тозығы жетті. Бүгінгі күні пандемия кезінде жаңа машина бізге көп көмек көрсетеді. Мысалы, біздің ауданда коронавирустың 111 жағдайы тіркеліп тұр. Осы кезде осы машина бізге Үкімет тарапынан көрсетілген көп көмек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы