420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайда волонтерлер мемлекеттік тілді тегін үйретіп жүр

  • 185
  • UPD: 09:29, 27.08.2020

Биылғы жылды ел Президенті Вволонтерлер жылы деп белгіледі. Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес Жамбыл облысында 9 бөлімнен тұратын 21 жоба қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

700-ге тарта іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға тарта ерікті жұмылған. Қазір жастар тың әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған волонтерлермен бірігіп, мемлекеттік тілді тегін үйретеді. «Тілдер саябағы» жобасы қазір Қордай ауданындағы үш ауылда өткізілуде. Студент жастар жергілікті 6-65 жас аралығындағы тұрғындарды жинап, ағылшын, француз сияқты шетел тілдерін үйретіп дәріс береді. Әсіресе, мемлекеттік тілге басымдық беріліп отыр. Ұйымдастырушылар жазғы маусымда мыңға тарта адамды қамтыған. Жалпы 150 адамнан құралған еріктілер тобы Қазақстан бойынша 30 ауылда қолдау тауып, жүзеге асты.

Бақнұр Зиябеков, «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасының жетекшісі:

- Ешқандай тапсырмасыз. Тек қана ойын түрлері арқылы. Өзіміздің методикамыз бар, сол арқылы оқытатын боламыз. + Негізгі мақсат – мемлекеттік тілді дәріптегіміз келеді. Өйткені жергілікті дүнген халқына қазақ тілі өте керек болып жатыр. Біздің методиканың ерекшелігі – біз жекелей қызықтыру арқылы баланы және топты бір үлкен бағытқа бағыттауға болады. Сол бағыттау арқылы сол баланың мотивациясын ашамыз.

Хабар 24 телеарнасы