Бүгін Түркістан облысындағы апаттан зардап шеккен үш адамның екеуі жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды.
Бұл туралы Сайрам ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы мәлімдеді. Оның айтуынша, ауруханаға 8 азамат жеткізілді.
Төлеген Құралбаев, Сайрам ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
- Кешегі апаттан кейін 8 науқас ауруханаға түсті. Оның 3-і жансақтау бөлімінде. 5 науқас кеше травматология бөліміне жатқызылды. 4 адам стационарлық емдеуден бас тартты және қабылдау бойынша шығарылды.