431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы шалғай ауыл интернетке қосылды

  • 298
  • UPD: 14:27, 27.08.2020
Маңғыстау облысындағы шалғай ауыл интернетке қосылды

Маңғыстау облысының орталығынан шалғайда жатқан Бекі ауылы интернет жүйесіне қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, жылдар бойы көтеріліп келе жатқан мәселе шешімін тапты. 445 тұрғыны бар елді мекенге байланыс желісін тарту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Әр үйге интернет кіргізу үшін тұрғындардан төлем алынбайды. Wi-Fi ауылдағы үйлермен қатар мектепке де орнатылды. Бұл мақсатқа 15 млн теңге қаралған. Осыған дейін ауылға хат-хабар пошта арқылы ғана жеткізілетін. Енді міне, ауыл ғаламдық жүйеге қосылды. Қашықтан оқытудың сапасын арттыру мақсатында осы жазда Маңғыстау ауданында бірқатар жұмыс атқарылды. Бірер күн бұрын 15-ші бекет интернетпен қамтылса, Ақшымырау, Қызан, Шебір және Тұщықұдық ауылдарындағы интернет жылдамдығы артып, 4G стандартына көтерілді. Сондай-ақ осы төрт ауылға талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Күнсұлу Жолбергенова, Бекі ауылының тұрғыны:

- Шалғайдағы ауылдағы балаларымыздың онлайн сабақ оқуына өте жақсы болды деп жатырмыз. Балаларымыз мәз болып жатыр. Интернетке кіріп, «Wi-Fi» қондырып үйімізге, көптен көп алғысымыз шексіз.

Жұмагүл Әбжатова, Бекі ауылының тұрғыны:

- Бізде мектепте де қиын болып жүр еді. Осындай байланыс жұмысымызға қажет болып жүр еді. Үйде де балаларымыз далада оқиды, бастауыш сынып болғандықтан. Соларға да онлайн оқуға интернет желісі жоқ қиын болған еді. Міне, енді үйде балаларымызды уайымдамайтын болдық. Балаларымыз қасымызда. Солай мәз болып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы