426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы М.Мақатаев атындағы саябақта жөндеу жұмыстары кеш аяқталады

  • 174
  • UPD: 20:57, 27.08.2020
Алматыдағы М.Мақатаев атындағы саябақта жөндеу жұмыстары кеш аяқталады

Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы саябақта жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Жөндеу жұмыстарының мерзімінен кеш аяқталуына сапасыз жол төсемелері себеп.

Атап айтқанда, мердігер компания төселген тақталарды қайта қопарып, орнына жаңасын салуға мәжбүр.

Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс материалының сапасыздығына уақыт өте көз жеткізген.

Айта кетейік, қайта жөндеу жұмыстарына  қала бюджетінен 39 миллион теңге бөлінген. 

Алмас Сман, ЖШС директоры:

- Бірінші рет біз маусым айында салдық. Бір айдың көлемінде біз салып, 2000 квадрат салып тастадық. Сосын сапасы келмегеннен кейін жаңағы үстінен жеңіл, бұл жерде кішігірім тракторлар жүреді жаңағы. Обслуживать ететіндер, иә. Солар жүрген кезде мына жерде кішкене сынық пайда болды. Ауыстырдық сосын біз өз қаражатамызға өзіміз ауыстырып басқасын салып жатырмыз қазір. Осы қыркүйектің аяғына дейін бітіреміз.

Хабар 24 телеарнасы