420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирек науқасқа шалдыққан он жасар қызға дәрігерлер C гепатитін жұқтырды

  • 187
  • UPD: 10:31, 28.08.2020

Петропавлдық 10 жастағы қыз ауруына ауру жамап алды. София Кладова сирек кездесетін миастения синдромының үстіне С гепатитін жұқтырған. Анасы бұған дәрігерлерді кінәлайды. 

- Конечно, точно мне не говорят, что это может быть переливание. Где-то я узнаю, что скорее всего это может быть только от переливания крови.... 

Светлана Кладова қызының бойында С гепатиті бар екенін енді біліп отыр. Жарты жыл бұрын олар Алматыға емделуге барып, Софияның екі өкпесі қабынады. «Жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер оған қан құйып, содан сары ауру шықты» дейді анасы.

Светлана Кладова, Софияның анасы:

- «Егер қан құю керек болса, рұқсатыңызды бересіз бе» деп сұрады. Қызым өмір мен өлімнің ортасында жатқанда қалай жоқ деймін. Оларға сеніп, құжатқа қол қойдым. 

5-сынып оқушысы сирек кездесетін миастения синдромымен ауырады. Беті мен мойыны тартылып, тұншығып қалуы мүмкін. София кезекті рет емделу үшін Петропавлда анализ тапсырып, жағымсыз жауап алды. Үш зертхана да С гепатитін көрсеткен. Бұл туралы Алматыдағы жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері тіл қатпады. Тек қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан жазбаша жауап алдық.   

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы:

«Ата-анасының шығымы бар екенін білген жоқпыз. Өйткені олардан бізге ресми түрде арыз түспеді. Ауру жұқтырды деген деректі ата-анасы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне хат жазып, тексерте алады». 

Қазір Светлана уақытын жоғалтқысы келмейді. Ол қызымен ем іздеп, Мәскеуге жолға шығайын деп жатыр. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы