424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам төрт түлік мал айып тұрағына қамалды

  • 196
  • UPD: 21:08, 27.08.2020

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам төрт түлік мал айып тұрағына қамалды. Өңірде үй жануарларын бағудың жаңа ережесі бекітіліп, арнайы қамайтын орындар ашылған.  Ол қандай тәртіп?

Қайрат Қожахметұлының жылқылары осымен екінші рет «тәртіп бұзып» отыр. Оның үш биесі мен тайы ауыл шетінде оңаша оттап жүрген жерінде ұсталды. Енді иесі айыппұл төлейді.  

Қайрат Қожахметұлы, Новомихайловка ауылының тұрғыны:

- Олар бізді таниды. Дауысынан біледі. Таниды, әне. Бүгін үйге алып кетеміз. Штрафты төлеп, үйге алып кетеміз.

Иә, мал үшін бұрынғыдай кең дала жоқ. Мұнан былай бос қоя алмайсыз. Полицейлердің құрығы ұзын. Қараусыз жайылып жүргендері осындай қашаға қамалады. Бір-екі күн жем-шөбі тегін. Іздеп келмесеңіз ақшасын төлейсіз. 

Азамат Күшімов, шаруашылық бригадирі:

- Қарамай жүрген малдар бәрін мұнда қамаймыз біз ішіне. Сосын біздің частковыйға звандаймыз. Айтамыз осындай – осындай жылқылар жүр деп или ол бізге звандайды қамаңдар деп. Біз оларды бәрін қамаймыз мұнда. 

Облыс бойынша осындай 54 айып тұрағы ашылды. Мал үшін иесі жауап береді. Оларға 3 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады.  

Пётр Климов, облыстық ПД криминиалдық полиция басқармасының бастығы:

- Жаңа тәртіп жолдағы көлік апаттарының азаюына ықпал етеді. Сонымен қатар мал ұрлығын тиюға сеп болады. Өйткені қылмыскерлер қашан да қырағы. 

Жаңа ереженің күшіне енгеніне 10 күннен енді асты. Әзірге полицейлер ескерту жасап жатыр. Бірақ оны жарықтық жануар түсінсін ба?

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы