424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда он төрт жасқа дейінгі 360 бала пневмонияға шалдыққан

  • 176
  • UPD: 13:06, 28.08.2020

Алматыда 14 жасқа дейінгі 360 бала пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде қаланың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері хабарлады. Жандарбек Бекшин мектептегі кезекші сыныптарда 3-4 сабақтан ғана болатынын да жеткізді. Балалар әр екі сағат сайын бетперделерін ауыстырып отыруы керек. Ал «өзге сыныптардың оқушыларын мектепте оқытуға эпидемиологиялық жағдай мұрсат бермей тұр» деді ол. 

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- Біздің ойымызша, біз коронавирус инфекциясы көтерілуінің алдында осы вакцинацияны өткізуіміз керек. Неге десеңіз, әрбір ағза екі осындай ауруды көтере алмайды. Бір аурудан кейін екіншісі қосылса сонда өте-өте қиын болады. 

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медициналық қызметкерлерге наурыз-шілде айларының аралығында жалпы көлемі 9 миллиард теңгеге жуық үстемақы төленген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты. Бүгінде қаладағы төсек-орын саны 5 мыңнан асады. Қажеттілік болса олардың саны 7 мыңға дейін жеткізіледі дейді маман. 

Камалжан Надыров, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қыркүйек айында қажет болса жаңа инфекциялық ауруханалар науқастарды қабылдауға дайын болады. Олар Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасының 500 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы. 300 орындық екінші тез тұрғызылатын госпиталь, сондай-ақ 215 төсек-орындық қонақ үйлер базасындағы Ковид-19 стационарлары.

Хабар 24 телеарнасы