420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы провизорлық стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты

  • 164
  • UPD: 13:03, 28.08.2020
Алматыдағы провизорлық стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты The Qazaq Times

Алматыдағы провизорлық стационарлардың бірі бүгін коронавирустан жазылған соңғы науқасты ауруханадан шығарды.

Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь карантиндік стационар ретінде қызмет көрсеткен еді. Шетелден оралған ел азаматтары әуежайдан осында жеткізіліп, 14 күнге оқшауланды. Ал шілде айында жұқпалы дерт өршіген тұста медициналық мекеме прозизорлық стационар ретінде қайта жабдықталып, орташа ауыр жағдайдағы нуқастарды емдеуге кірісті. Бүгінге дейін ауруханадан 193 науқас жазылып шықты. Енді госпиталь 1 қыркүйектен бастап қалыпты қызметіне көшеді.  

Мадина Рахматуллина, емделіп шыққан пациент:

- Барлық медицина қызметкерлеріне шын жүрегімнен үлкен рақмет айтамын. Бізді аяққа тұрғызған дәрігерлерге мың алғыс. Отбасыммен аман-есен қауышатын сәтке жеткеніме қуанып тұрмын.  

Ерлан Құдабаев, директордың емдеу ісі бойынша орынбасары:

- Шілде, тамыз айында провизорлық стационар болдық. Провизорлық стационар біз екінші деңгейде істедік. Яғни орташа аурудағы науқастарды өкпесінен қабыну процестері болған науқастарды, соларды емдедік. 193 науқасты емдеп шығардық. Емдеу процестеріне қоса біз сауықтыру жұмыстарын да жүргіздік.

Хабар 24 телеарнасы