420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі қазақстандық өндірушіден 90 броньді техника сатып алды

  • 196
  • UPD: 22:08, 27.08.2020
Қорғаныс министрлігі қазақстандық өндірушіден 90 броньді техника сатып алды

Қорғаныс министрлігі  отандық өндірушіден 90 «Арлан» броньді техника сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 30-ын алу жоспарланған.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев хабарлады.

Мұнан бөлек вице-министр «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Айбек Барысовтың президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған Үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады. Руслан Шпекбаев бұл жағдай министрлік тарапынан алаңдаушылық тудырғанын хабарлады. Сондай-ақ ол бюджеттің қысқартылуына қарамастан ведомство отандық өндірушілерді қолдайтынын алға тартты. Мысалы, келесі жылдың соңына қарай қорғаныс министрлігі 131 «Арлан» броньді машинасын сатып алады. Ал «Барыс» броньді машинасын сатып алу зауыттық сынақтар аяқталғаннан кейін және оның бәсекеге қабілеттілігін тексергеннен кейін қаралмақ. Сонымен қатар вице-министр «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» пен министрлік арасындағы келісім туралы да атап өтті. 

Руслан Шпекбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- 2017 жылы Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» арасында меморандум жасалды.  Келісім бойынша министрлік 2030 жылға дейін 274 «Арлан» және 106 «Барыс» техникасын сатып алуды көздейді. Бұл құжаттың заңды күші жоқ болса да Қорғаныс министрлігі өз міндеттемелерін орындайды. Бүгінгі таңда біз 90 «Арлан» броньді машинасын сатып алдық. 2020 жылдың соңына дейін тағы 30-ын алу жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы