429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазТрансОйл» компаниясы өкпені желдету аппараттарын тегін таратты

  • 153
  • UPD: 22:35, 27.08.2020

«ҚазТрансОйл» компаниясы тағы да мәрттік танытты. Мұнай тасымалдаумен айналысатын мекеме өкпені жасанды желдететін 68 аппарат сатып алды.

Енді соны елдегі ауруханаларға таратып жатыр. Қажет құрылғыны қай өңірлерге жеткізіледі?

- Қазір бұл орталықта індет жұқтырған ондаған науқас жатыр. Дәрігерлер алты адамның жағдайы аса ауыр дейді. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандары бар. «ҚазТрансОйл» компаниясы осыны ескеріп, ауруханаға 3 бірдей құрылғыны жеткізіп берді.  

Марина Мозговая, жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Біздің ауруханада өкпені жасанды желдетуге арналған 10  аппарат бар. Солардың біразы ескірген. Қазір жаңасын әкеліп жатыр. Мұны көріп қуанып қалдық. Науқастарға көп көмегін тигізеді.  

Мұнай тасымалдаумен айналысатын компания 68 аппарат сатып алған. Ол үшін 1 млрд теңге жұмсапты. Қажет құрылғылардың барлығын енді өңірлерге таратпақ. Алдағы айда үлестіріп бітеді. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай көмек «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Анара Сыдықова, «Қазтрансойл» АҚ операторлық қызметтер және орталық аппарат кәсіподақ ұйымының төрайымы

- Министрліктен медициналық жабдыққа мұқтаж орталықтардың тізімін алдық. Ұзын-ырғасы 50 аурухананы осындай аппаратпен қамтуды көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан емдеу мекемелеріне қажет құрылғыларды жеткізіп бердік.       

Алда күз келеді. Індет қайта өршиді деп жатыр. Сондықтан мұндай аппараттар ауадай қажет болады. Адам өміріне араша түсуді мақсат еткен компания қайырымдылық жасауды жалғастыра бермек. 

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы