429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан кейін елді туберкулез жайлап кетуі мүмкін

  • 299
  • UPD: 22:42, 27.08.2020

Короновирустан кейін туберкулез өршуі мүмкін. Бүгін Көкшетаудағы Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері мен аталған аурудың алдын алуды көздеген «Игілік» қоғамдық қоры осындай мәселе көтерді.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға аймақ дәрігерлерімен қатар осы саланың республикаға белгілі мамандары онлайн режимде қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін. Өйткені қазір көп адам жұмыссыз. Сондықтан тиісті тамақ пен қажетті витаминдерді уақытында тұтына алмайды.

Мамандардың айтуынша, осы орайды әсіресе тұрақты мекен-жайы жоқ, далада түнеп жүрген үй-күйсіз жандардың жағдайы өте қиын. Сондықтан оларды әлден қамқорлыққа алу қажет. 

Олжас Сыздықов, ҚКХП Ақмола облыстық филиалының бірінші хатшысы:

- Мүмкін қолданыстағы заңнаманы өзгерту керек шығар. Әлде үй-күйі жоқ жандарды қамқорлыққа алу үшін бөлек заң шығару қажет болар. Не де болса осы салаға қатты көңіл бөлуіміз керек. Себебі ауруға алдымен солар шалдығуы мүмкін. Бүгінгі жиында айтылған пікірлердің барлығы жиналып, біздің депутаттарға жолданады. Одан әрі бұл мәселе үкіметтік деңгейде көтеріледі деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы