426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық 10 жастағы қыз С гепатитін жұқтырып алды

  • 196
  • UPD: 10:30, 28.08.2020
Петропавлдық 10 жастағы қыз С гепатитін жұқтырып алды

Петропавлдық 10 жастағы қыз ауруына ауру жамап алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

София Кладова сирек кездесетін миастения синдромының үстіне С гепатитін жұқтырған. Анасы бұған дәрігерлерді кінәлайды.

Светлана Кладова қызының бойында С гепатиті бар екенін енді біліп отыр. Жарты жыл бұрын олар Алматыға емделуге барып, Софияның екі өкпесі қабынады. Жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер оған қан құйып, содан сары ауру шықты- дейді анасы.

Светлана Кладова, Софияның анасы:

- Дәрігер егер қан құю керек болса, рұқсатыңызды бересіз бе деп сұрады. Қызым өмір мен өлімнің ортасында жатқанда қалай жоқ деймін. Оларға сеніп, құжатқа қол қойдым.

5-сынып оқушысы сирек кездесетін миастения синдромымен ауырады. Беті мен мойны тартылып, тұншығып қалуы мүмкін. София кезекті рет емделу үшін Петропавлда анализ тапсырып, жағымсыз жауап алды. Үш зертхана да С гепатитін көрсеткен. Бұл туралы Алматыдағы жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері тіл қатпады. Тек қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан жазбаша жауап алдық.  

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы:

– Ата – анасының шығымы бар екенін білген жоқпыз. Өйткені олардан бізге ресми түрде арыз түспеді. Ауру жұқтырды деген деректі ата-анасы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне хат жазып, тексерте алады.

Қазір Светлана уақытын жоғалтқысы келмейді. Ол қызымен ем іздеп Мәскеуге жолға шығайын деп жатыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы