420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: 101 дәрігердің суреті елордадағы «Атырау» көпіріне ілінді

  • 111
COVID-19: 101 дәрігердің суреті елордадағы «Атырау» көпіріне ілінді

Коронавируспен күреске жұмылған дәрігерлерге құрмет ретінде 101 ақ халатты абзал жанның суреті бас қаладағы «Атырау» көпіріне ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Руслан Мазунин есімді фотограф тек дәрігерлерді ғана емес, барлық медицина қызметкерін қамтуды көздеген. Көпірде санитардан бастап реаниматологтың суретіне дейін тұр. Фотограф ақ халаттыларды суретке жұмыс барысында түсірген. Сондықтан әрбірі өзіндік ерекшелікке ие.

Руслан Мазунин, фотограф:

- Мен режиссер досыммен бірге инфекциялық ауруханаға бардым. Сол жақта медицина мамандарын суретке түсірдік. Білесіздер, көңіл құлазитын жаңалықтар аз болмады. Сондықтан осы арқылы мейірімділікті, ақ халаттыларға деген алғысымды жеткізгім келді.

Хабар 24 телеарнасы