426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин талабын бұзған ойын-сауық орны анықталды

  • 333
  • UPD: 13:00, 28.08.2020
Алматыда карантин талабын бұзған ойын-сауық орны анықталды

Мониторингілік топ қаладағы тамақтану орталықтарына рейд жүргізді.

Нәтижесінде, 19 қоғамдық тамақтану нысанында заң бұзушылықтар анықталды. «Түнгі сағат 23:15-те ойын-сауық орындарының бірі 80 келушіге қызмет көрсеткені анықталды. Онда спирттік ішімдік те сатылған»,– деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі Карантин талабын бұзған мекемелерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, иелерін әртүрлі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қала бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты Партияның бақылау комиссиясына 279-88-49 телефоны арқылы хабарласуға болатынын жеткізді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы