424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 триллион теңгеден асты

  • 177
  • UPD: 15:12, 28.08.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 триллион теңгеден асты

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 12,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды enpf.kz


«2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті»,– делінген хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары 2,1 млрд теңгені құрайды. 2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

 

 

Хабар 24 телеарнасы