426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

  • 223
Елімізде мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

Індетпен күреске тартылған 1 мың 48 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ вирустан көз жұмған 5 медицина қызметкерінің туыстарына 10 миллионнан берілді. Өңірлер бойынша дәрігерлердің ең көп вирус жұқтыру деректері Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссия анықтайды. Барлық өтінім Денсаулық сақтау министрлігінде жинақталады.

Хабар 24 телеарнасы