420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда екі айдың ішінде жаңа аурухана салынады

  • 105
  • UPD: 23:44, 28.08.2020

Қостанай облысы індеттің кезекті ықтимал толқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұнда 200 орындық модульдық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медициналық мекеме сегіз жеке ғимараттан тұрады. Олардың барлығы заманауи, жоғары технологиялы құралдармен жабдықталады.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Екі апта бұрын ғана мына жер жазық дала болатын. Осы аралықта іргетасымен мынандай металл құрылғылар бой көтерді. Жаңадан салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасы сегіз жеке ғимараттан тұрады. Қазір мұнда күні-түні жұмыс жүріп жатыр. Нысанда 300-ден астам адам жұмыс істейді.

Қыркүйектің басында мұнда құрылыс жұмыстары тіптен қарқын алады. Сол кезде қазіргіден 3-4 есе көп, мыңнан астам мамандар тартылады. Қазіргі кезде жер қазып, топырағын тегістеу жұмыстары аяқталуға таяу.

Бақтияр Құсайынов, жоба басшысының орынбасары:

- Қазір фундаменттердің бәрін құйып, 80%-ін бітірдік. Енді электромонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін сантехникалық жұмыстар жүріп жатыр.

Жұқпалы дерттен емдеу орны қала ішінде болғанымен, тұрғын жайлардан алшақ орналасқан. Аурухана өзіміздің отандық сапалы және өнімді материалдардан тұрғызылып жатыр.

Берік Таңжарықов, облыстық құрылыс және сәулет басқармасының басшысы:

- Сегіз блоктан құрамы госпитальдың 6 блогын бітірдік. Екі блогын сенбі-жексенбі күндері, 29-30 тамызда бастауды жоспарлап отырмыз.

Жұқпалы аурулар ауруханасын қазан айының басында тапсыру көзделіп отыр. Онда бірден 200 сырқатты жатқызып, емдеуге мүмкіндік бар. Жансақтау, операция жасау, диагностика, терапия бөлімдері толық қажетті құрал-жабдықтармен жарақталады. Дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесі де назарда. Жаңа ауруханаға 170 медициналық маман қажет.

Марат Дәуменов, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

- Бұл жерде әрине басқа жақтанда тартылатын дәрігерлер болады. Негізінде осы жергілікті қалада істеп жатқан медицина жұмыскерлері қамтылады.

Биыл өңірге 240 дәрігер келеді деп күтіліп отыр. Медициналық жоғары оқу орындары түлектеріне көтермеақы беріліп, тұрғын үймен қамтасыз етіледі. Бұрын ауылға барғандар ғана ақшалай қолдау көрсетілсе, енді қалада тұрақтаған дәрігерлерге де миллион теңгеден беріледі

Авторлары: Мағауия Қалиев , Ермек Мухамедьяров

Хабар 24 телеарнасы