426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Тұран және Ұлы Дала даңғылдары қиылысында қозғалыс тоқтатылады

  • 185
  • UPD: 18:14, 28.08.2020
Елордада Тұран және Ұлы Дала даңғылдары қиылысында қозғалыс тоқтатылады znamya31.ru

27 (Ұлы Дала) көшесінің құрылысы, Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде кәріздің жүйесінің негізгі коллекторын монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 10-30 қыркүйек аралығында Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысын толығымен тоқтату жоспарлануда.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын ала жоспарлауы керек», – делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы