426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иелері анықталады

  • 227
  • UPD: 19:18, 28.08.2020
Елімізде Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иелері анықталады

Елімізде Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн форматтағы іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев төрағалық етті.

Еске салайық, Мемлекет басшысының 24 наурыздағы жарлығына сәйкес саладағы мемлекеттік марапат атауы «Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы» деп өзгертілген болатын. Сыйлықтар екі жылда бір рет және Абай Құнанбайұлының мерейтойы жылдарында табысталады. Бүгінгі отырыста әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері саласы бойынша 39 жұмыс қаралды. Сөйтіп, жасырын дауыс беру арқылы шешуші кезеңге өткен үміткерлер анықталды.

Хабар 24 телеарнасы