420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған төрт азамат ұсталды

  • 116
  • UPD: 22:35, 28.08.2020
Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған төрт азамат ұсталды

Олар Үшінші интернационал ауылының маңындағы егіс алқабында қолға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдік танытқан қос көлікті тексеру барасында еш құжатсыз, тіркеуде жоқ 3 аңшы мылтығы мен 1 қабанның денесі табылды.

Талғат Лекеров, облыстық полиция департаментінің жпб бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚК 337-бабымен тергеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар осы дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша 482-бабымен әкімшілік іс қозғалуда.

Хабар 24 телеарнасы