420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда мереке қарсаңында 63 отбасы баспаналы болды

  • 155
  • UPD: 23:30, 28.08.2020

Конституция күні қарсаңында Көкшетауда 63 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пәтер кілттерін облыс әкімі Ермек Маржықпаев салтанатты түрде табыс етті.

Жалпы биыл облыс орталығында 240 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ осы күні санитарлық дәрігерлер мен медицина мекемелеріне 14 автокөлік тарту етілді.

Пәтер кілтін табыстау рәсімі әдеттегідей жаңа үйдің жанында емес, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, орталық алаңда мерекелік жағдайда өтті. Ал, баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрған көп балалы және толық емес отбасыларға, зейнеткерлерге, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.

Самал Жиынбаева, қала тұрғыны:

- Алты баланың анасымын. Осы пәтерді 7 жыл тостық. Оған дейін пәтер жалдап тұрдық. Менің балаларым өте қуанышты. Біз де өте қуаныштымыз. Енді өзіміздің үйімізде той-береке, барлығы жақсы болсын! Пәтер жалдап тұрған, кезекте тұрған адамдарға тілеймін, осындай пәтер жұғысты болсын!

Ал, санитарлық дәрігерлер мен қалалық емхана және аудандық ауруханаларға бас-аяғы 14 көлік тарту етілді. Олардың алтауы санитарлық эпидемиялогиялық қ қызметке арналған «Нива» автокөлігі болса, қалғандары жедел жәрдем көліктері. Олардың барлығы заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған.

Сәкен Қалымжанов, Зеренді аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Біздің автопарк жыл сайын толығып жатыр. Қазір барлық ауылдардағы амбулаторияларда жедел жәрдем көліктері бар. Материалдық-техникалық база да жақсарып келеді. Алдағы уақытта елді мекендердегі медицина мекемелеріне оттегі концентраторын тарату жоспарда бар.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл ауруханалар мен емханаларға 1500 данадан астам медициналық құрылғы сатып алынған. Ал, аймаққа күзде тағы 50 жедел жәрдем көлігі әкелінеді. Сондай-ақ алдағы жылдары «Сарыарқа» мөлтек ауданынан мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеуге арналған жаңа аурухана салынатынын жеткізді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы