426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


300-ге жуық қостанайлық шаруа жер салығынан босатылмаған

  • 237
  • UPD: 00:20, 29.08.2020
300-ге жуық қостанайлық шаруа жер салығынан босатылмаған

Қостанайлық шаруалар мемлекет тарапынан жасалған жеңілдіктерді пайдалана алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгіме жер салығына қатысты. Үкімет эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жыл соңына дейін салықтан босатқан. Бірақ өңірдегі 300-дей шаруа бұл жеңілдікке ілікпеген. Мұны «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәлімдеді.

Валентин Хаданович, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары:

- «Ауыл шаруашылығын қолдау» бағдарламасының тиімділігін кейбір шаруалар көріп жатса, енді бірі оған қол жеткізе алмай отыр. Біз бағдарламаның жалпыға бірдей болуын қалаймыз. Үш ай ішінде екі қоғамдық қабылдау өткіздік. Сонда азаматтардан аграрлық салаға қатысты сұрақтар көп туындады.

Хабар 24 телеарнасы