420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда үш күндік шектеу шаралары енгізілді

  • 182
  • UPD: 09:55, 29.08.2020

Павлодар облысында сенбі, жексенбі  және дүйсенбі күні карантиндік шектеулер сақталады. Бұл күндері қызмет көрсету нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, моншалар және сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылады.

Ал азық-түлік дүкендері мен дәріханалар кешкі тоғызға дейін жұмыс істейтін болады. Шектау шаралары аясында 65 жастан асқан азаматтарға далаға шықпауға ескерту жасалады. Бұл күндері сонымен қатар қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Десе де, оны сақтап қалу үшін карантиндік шаралар сақталады.  

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық  дәрігері:

- Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және мектеп жәрмеңкелерін өткізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Себебі қос шара тұрғындар тарапынан сұранысқа ие. Эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдаймыз. Карантиндік шаралар жеңілдегенімен шектеу шаралары сақталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы