426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында демалыс күндері туристік нысандарға қатысты талап күшейтілген

  • 185
  • UPD: 09:47, 29.08.2020
Алматы облысында демалыс күндері туристік нысандарға қатысты талап күшейтілген

Алматы облысында екі күндік шектеу шаралары енгізілді. Соған сәйкес сенбі мен жексенбіде өңірдегі үлкен сауда орындары, ғимарат ішіндегі базарлар, сән салондары мен қоғамдық монша, сауналар жұмыс істемейді.

Фитнес спорт орталықтары мен аттракциондар, түрлі оңалту, сауықтыру кабинеттерінің де қызмет көрсетуіне тыйым салынған. Туристік нысандарға қатысты да талап күшейтілген. Көлсай көлдерінде арнайы мониторингтік топ сақтық шараларының сақталуын қадағалайтын болады. Ал аймақтағы тамақтану орындарына меймандарын күтуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ адам саны отыздан аспауы керек. Әрі 22:00-де міндетті түрде жабылуы тиіс. Базарлар кешкі беске дейін ашық болады.  

Әлия Шағиахмет, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД баспасөз хатшысы:

- Егерде кәсіпкерлік нысан үлкен сауда үйлерінен бөлек және кішігірім болатын болса, онда өз жұмысын жасай алады. Бұл жерде құрылыс дүкендері,  зергерлік дүкен, ломбардтар, автобөлшек дүкендері, егер бұл кішігірім дүкен болса жұмыс істей алады.

Хабар 24 телеарнасы