429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тағы бір провизорлық стационар жабылды

  • 229
  • UPD: 18:20, 29.08.2020
Петропавлда тағы бір провизорлық стационар жабылды

Петропавлда тағы бір провизорлық стационар жабылды. Бұл жолы облыстық аурухананың орталығы өз жұмысын тоқтатты. Осылайша облыста қауіпті инфекция жұқтырған науқастарға арналған орын бір жарым мыңға қысқарды.  Өңірде эпидимиологиялық жағдай тұрақталды. 

Бүгін міне, емделдім. Құдай қаласа шығарып жатыр уже. Бәрі мынау бүкіл мед персоналға бәріне рақметімді айтамын. Үлкен рақмет.

Бұл кісі емделіп шыққан соңғы науқастың бірі. Облыстық көпсалалы аурухананың терапевтік корпусында маусым айында провизорлық стационар жасақталды. Бүгінге дейін мұнда жаман аурудан бір жарым мыңнан астам адам айығып шықты. Енді оның бәрі артта қалды. Стационар жабылып, оңалту орталығы ретінде ашылды.

Мархабат Әлиева, облыстық  көп салалы аурухананың невропатолог дәрігері:

- Науқасқа әрі қарай қажетті дәрі-дәрмектер. Және қосымша реабилитациялық көмектер. Оған жаңағы массаж кіреді. Жаңағы емдік физкультура сол. Содан қосымша көптеген жаңағы физиоәдістер қолданылады. 

Өңірде карантин кезінде бірнеше аурухана профизорлық стационарға айналды. Шұғыл түрде 2 мыңнан астам орын дайындалды. Бүгінгі таңда жағдай тұрақталып, уақытша орталықтар бірінен соң бірі жабылып жатыр.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз инфекциялық койкаларымызды 580-нен 280-ге азайттық. Қазіргі таңда 280 койкамызда 66 науқас ем қабылдап жатыр. Ауыр науқастар азайып жатыр. ИВЛ-да аппарат исскуственной вентиляции легких дейміз, бүгінгі таңда жалпы провизия мен инфекциямен 14 науқас жатыр.

Енді бұл ауруханалар бұрынғыдай жұмыс істейді. Дәрігерлер қорғаныс киімдерін тастап, отбасыларына оралды.

Хабар 24 телеарнасы